БІЗ КІМБІЗ?

«ATPG Қазақстан» ЖШС 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқы кезден бастап негізгі қызмет құтқару және алғашқы медициналық көмек мақсатындағы имитациялық жабдықты жеткізу және орнату болды. Уақыт өте келе біз өз қызметтерімізді кеңейттік, зертханалық жабдықтардың жетекші өндірушілерін Қазақстан нарығына енгізіп қана қоймай, сонымен қатар, университеттер мен электронды оқулықтар мен қазақ тілін үйренуге арналған плакаттар өндірісін құрдық. 20 жылға жуық жұмыс барысында кез келген шығын материалдары мен қосалқы бөлшектер әрдайым біздің клиенттерге уақытылы жеткізіліп отырады. LAERDAL MEDICAL AS-да тағылымдамадан өткен және сертификаты бар біздің маман каталогта көрсетілген LAERDAL модельдеу жабдықтарын пайдалану бойынша кәсіби тренинг өткізеді.